Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қонақүйде қорқытып әйел зорлаған ер адамды улы жыландары шағып өлтірді

Опубликовано:

Қытайдың Фучжоу қаласында Фань есімді азамат улы жыланмен қорқытып, әйел адамды зорлаған ер адамды жыланы шағып өлтірген. Бұл туралы lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: allwomens.ru
Көрнекі фото: allwomens.ru: Instagram

Оқиға 21 қараша күні Цзянси провинциясының Фучжоу қаласында болған.

Фань қонақүй бөлмесіне әйел адамды алдап шақырып, үш жыланмен қорқытып, өзімен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Жыланнан қорыққан келіншек келісуге мәжбүр болыпты.

Содан кейін әйел адам полиция бөлімшесіне арыздануға барған, ал Фань жыландарымен ойнау үшін жуынатын бөлмеге кетіпті.

Қонақүйге келген полиция қызметкерлері төсекте жатқан ер адамның мәйітін тапқан. Оның денесінен жыланның тістеген іздері анықталған. Ер адам жедел жәрдемге хабарласпаған.

Сондай-ақ, жыландарының біреуі бөлмеден шығып кетіп, полицейлер оны ұстауға мәжбүр болған. Олардың арасында аса улы көп жолақты крайт та бар екен.

Қазір полицейлер әйел зорлау ісі бойынша тергеу жүргізе бастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1765871-konakjde-korkytyp-jel-zorlagan-er-adamdy-uly-zylandary-sagyp-ltirdi/

pixel