Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзгерлерге кіруге тыйым салынған құпияға толы әлемдегі 10 мекен

Опубликовано:

Адамдар ғажайыпқа толы біз өмір сүріп жатқан ғаламшарды әрбір бұрышына дейін зерттеп тастаса да, әлемді кей туристердің табаны тимеген жерлер баршылық. Олар қанша қызығушылық танытқанымен, тек сурттен ғана тамашалауға мәжбүр. Олай болса саяхаттшылардың арманына айналған құпияға толы 10 мекенді bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ ұсынады.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Depositphotos

АҚШ, Богем тоғайы

Территориясы 11 шаршы шақырымды алып жатқан жер Богем клубы деген атпен танымал сан-францисколық жеке ерлер клубына тиесілі. 1899 жылдан бері әр жыл сайын шілде айында бұл жерге екі апталық жазғы марафонды өткізу үшін әлеменің ең беделді адамдары жиналады.

Дегенмен 100 жылдан бері бұл клубтың қызметі құпия түрде сақталып келеді. Бұл өз кезегенді адамдар арасында түрлі қауесеттер мен болжамдардың пайда болуына әкелген. Бірі Богем клубын - жаңа әлемдік билік десе, енді бірі бұл тоғайды жын-шайтанның орны деп санайды.

Десе де, бұл жерге журналистерге кіруге тыйым салынған.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Depositphotos

HAARP, АҚШ

1997 жылы Аляскада іске қосылған бұл кешен ионосфера табиғаты және әуе шабуылы мен зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің дамуын зерттеуге арналған. Ол 13 гектар аумақты алып жатыр.

Теорияны жақтаушылар, бұл нысан ауа райын өзгертуге, спутникті өшіруге әсер ете алатынын сондай-ақ, адамның ақыл-ойын бақылай алатынын айтады.

Олар сонымен қатар, нысан жер сілкінісін, құрғақшылықты, дауылды, су тасқынын тіпті эпидемия тудыра алатына сенімді.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Depositphotos

Ресей, Межгорье

Ресейдегі жабық қалалардың бірі Башқұрстан республикасында орналасқан. Мемлекеттегі өзге жабық қалалармен салыстырғанда бұл жерде ғылыми-зерттеу институты, әскери нысандар, ядролық қару немесе атом өндірісі жоқ. Дегенмен Межгорьеде шын мәнісінде не болып жатқаны белгісіз.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Depositphotos

Македония, Афон

Афон 20 православие шіркеу орналасқан ұлы тау. Өкіншке орай бұл жерге кез келген адам кіре алмайды. Мәселен әйелдерге кіруге мүлде тыйым салынған.

Осыған қатысты 186 бапта: "Ежелгі дәстүрге сәйкес "Қасиетті тау" түбегіне кез келген әйел атаулысына аяқ басуына қатаң тыйым салынған" деген. Афонға тіпті ұрғашы жануарларға да кіруге рұқсат жоқ. Тек тауықтарға ғана мүмкіндік бар. Ал бұл заңды бұзған адам 8-ден 12 айға дейін түрме жазасына кесілуі мүмкін.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Depositphotos

АҚШ, кока-кола рецепті сақталып тұрған жертөле

Басылымының мәліметінше, әйгілі кока-кола сусының құпиясын тек екі адам ғана біледі екен. Ал рецепт компанияның жоғары технологиялық кілттерімен бекітілген штаб-пәтерінде сақтаулы тұр. Ал ол жерге жай адамарға тіпті, аттап басуға болмайды.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Depositphotos

Медог, Қытай

Бұл буддистерге арналған қасиетті жер. Ол жаққа жол жоқ. Ал барғысы келген адам таулы асуларды жаяу өтуі тиіс. Сонымен қатар жолда шыңрау үстіндегі 200 метрлік сынғыш көперден өтуге тура келеді.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Depositphotos

Оймякон, Ресей

Оймякон әлемде жер бетіндегі ең суық жерлердің бірі ретінде танымал. Қаңтар айында бұл жерде апта бойына ауа температурасы 50 градустан төмендеуі мүмкін.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Depositphotos

Жавари аңғары, Бразилия

80 мың шақырымды алып жатқан аумақта сыртқы әлеммен байланысы жоқ 14 тайпа өмір сүруде. Олардың халқын көру тіпті мүмкін емес, себебі ел билігінің өзі тайпалардың оқшау болғанын қолдап отыр. Сондай-ақ, арнайы күштер олардың шекарасына өзгерлердің баса көктеп кіруінен қорғайды.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Depositphotos

Мекке және Мәдина

Бұл қасиетті қалаларға тек, Аллаға сенетін мұсылмандар ғана кіріп, шаһардың ғажайып сұлулығымен және таңғаларлық мешіттермен тамсана алады. Ал мұсылман еместерге бұл жаққа аяқ басуға қатаң тыйым салынған. Қасиетті жерді қорлағандар шариғат заңы бойынша өліммен жазаланады.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Depositphotos

Кеймада-Гранди (Жыландар аралы), Бразилия

Бұл арал жер бетіндегі ең қауіпті жыландардың шоғырлануымен әлемге танылған. Сондықтан ел билігі жыландарды қоспағанда, флора мен фаунаны сақтау үшін де бұл аралаға кіруге тыйым салған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1776521-zgerlerge-kiruge-tyjym-salyngan-kpiaga-toly-lemdegi-10-meken/

pixel