Ресейде күзетші науқасты ауруханаға кіргізбей, аязда жерге жатқызып қойған
Жарияланған күні:
Ресейдің Петрозаводск қаласында жедел жәрдем көлігі әкелген науқасты мекеме күзетшісі ішке кіргізбей, баспалдақтан түсіріп, суық далада жатқызып қойған. Күзетшіге ер адамның қаңғыбас болғаны ұнамаған деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Кіріп, күзетшіге "Кіре берісте адам жатыр", - дедім. Ол болса: "Ол саған қажет пе? Қажет болса, өзің алып кет. Бізге керек емес", - деп жауап берді", - дейді куәгер.
Оқиғаны көрген басқа да куәгерлер күзетшінің жедел жәрдем алып келген науқасты қолтықтап, далаға шығарып жібергенін растады.
"Керек емес дегенді қалай түсінуге болады? Ол сіздердің мекемелеріңіздің алдында жатыр ғой", - дегенімде, күзетші: "Иә, керек емес, Өлсе, мәйітханаға апарып тастаймыз, ештеңе етпейді", - деп жауап қатты дейді оқиғаны видеоға түсірген ер адам.
Куәгер полиция шақыртқан. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары бәрінен жауап алып, мән-жайды анықтауға уәде берген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1778601-resejde-kzetsi-naukasty-auruhanaga-kirgizbej-aazda-zerge-zatkyzyp-kojgan/