RU

Сұлулық байқауының қатысушысы өмір бойына түрмеге тоғытылды

Таиландтық сұлулық байқауының қатысушысы Крисана Суванпитак өмір бойына бас бостандығынан айырылды. 2012 жылы 16 жастағы қызметшісін асқан қатыгездікпен өлтірген сұлу қылмысын бірнеше жыл бойы жасырып келген деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Крисана Суванпитак, Джария Шришак. Фото: coconuts
Крисана Суванпитак, Джария Шришак. Фото: coconuts: Instagram

Крисана 16 жастағы Джария Шришакты бұрын да бірнеше рет ұрған. Ал қылмыс болған күні байқау қатысушысы бойжеткенді баллонмен ұрып, денесін шашқа арналған үтікпен күйдірген.

Осыдан кейін құрбысы мен інісін шақырып, Джария Шришактың денесін оның анасының ауласына көміп тастайды.

Ал 16 жастағы Джарияның анасына қызының қашып кеткенін айтыпты.

2012 жылдан бері Джария Шришакты іздеу үздіксіз жалғасқан.

Тек 2017 жылы марқұмның анасына белгісіз біреу хабарласып, қызының денесі көмілген жерге дейін айтып береді.

Кейін анықталғандай ақпаратты қылмыскердің туған қызы айтқан болып шықты.

Сот Крисананы өмір бойына бас бостандығынан айырды. Ал оның інісі - 1 жылға, құрбысы - 1 жыл 4 айға түрмеге тоғытылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1780454-slulyk-bajkauyny-katysusysy-mir-bojyna-trmege-togytyldy/