Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүтін бір жанұя қатерлі ісікке шалдықпау үшін асқазандарын алып тастаған

Опубликовано:

Ұлыбританияда бір отбасының үш адамы медициналық тексерілуден кейін асқазанды алып тастау отасын жасатты деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sophia Ahmed
Фото: Sophia Ahmed: Facebook

София Ахмед және оның екі інісі Тахир Хан мен Омар анасы мен әпкесі асқазанның қатерлі ісігінен қайтыс болғаннан кейін ота жасатуға барған.

Дәрігерлер аурудың алдын алу үшін асқазанды алып тастауға кеңес беріпті.  

София мұндай шешім қабылдауға бауырларын өзі көндіргенін мойындады.

Оның айтуынша, 32 жастағы әпкесі көз жұмған соң, оның медицина картасынан қатерлі ісіктің бұл түрі тұқым қуалауы мүмкін екендігін оқыған.

Софияның сөзінше, ол бұрынғыдай ішіп-жеп, қалағанын жасай алады екен.

Салмақты бақылауда ұстау және кейбір дәрумендердің жетіспеушілігі ғана қиындық тудырады.

Әйел күрделі отадан кейін жүкті болып, сау бала туған.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1781751-btin-bir-zana-katerli-isikke-saldykpau-sin-askazandaryn-alyp-tastagan/

pixel