Тәжікстанда қасқырлар екі әйелді талап өлтірген
Опубликовано:
7 наурыз күні Тәжікстанның Таулы Бадашхан автономиялық облысында қасқырлар 83 жастағы әйел мен 55 жастағы қызын талап өлтірген. Бұл туралы Ca-news.org сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Тәжікстан ТЖД баспасөз хатшысы Умеда Юсупова қасқырлар келіншектер үйден шыққанда тап бергенін айтты.
Бұл өңірдегі жергілікті тұрғындарға жасалған бірінші шабуыл емес.
2013 жылдың ақпан айында Рушан ауданының 81 жастағы тұрғыны Наботбегим Худодова жыртқыштардың құрбанына айналып, оқиға орнында көз жұмған.
Дәл осы жылдың ақпан айында қасқырлар Шуган ауданының 90 жастағы тұрғыны Озода Саиднурруллоеваға шабуыл жасаған. Ол ұзақ уақыт емделіп, ауруханада қалыпқа келген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1782453-tzikstanda-kaskyrlar-eki-jeldi-talap-ltirgen/