Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сиам егіздері бөлініп өмір сүруге көмектесетін отадан бас тартты (видео)

Опубликовано:

Үндістанның Чхаттисгарх штатындағы сиам егіздері бөлініп өмір сүруге  көмектесетін хирургиялық отадан бас тартқандарына өкінбейтінін мәлімдеді деп жазады Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: u-f.ru
Фото: u-f.ru: Facebook
"Енді бізді қаласақ та, бөлуге болмайды. Біз есейдік. Енді тым кеш. Дәрігерлер бізде бұдан кейін бөлу мүмкін болмайтындыңын атты. Біз қалай бармыз солай қалғымыз келеді. Бұл Құдайдың бізге берген ең үлкен сыйы. Денеміз екі бөлек болғанымен, жанымыз бір", — деді 18-ге толып отырған Шиванат пен Шиврам Саху (Shivanath and Shivram Sahu).

Сиам егіздердің денелері іш аймағында қосылады.

Сол себепті олар жүрек және қолы бөлек орналасқан.

Кіші дәретке жеке барады. Бірақ асқазан мен аяқтары біріккен.

Олар күнделікті тұрмыстағы іс-әрекеттерді еш қиындықсыз істей алады. 

Барлық алты аяқтарымен жерге сүйеніп жүгіруге дағдыланған.

Шиванат пен Шиврам мектепке барып, ең үздік оқушылар қатарына кірген.

2014 жылы интернетте олардың өмірі туралы жарияланған бейнебаянның арқасында егіздерді бүкіл әлем таныды.

Оларға бірнеше дәрігер хабарласып, өз көмегін ұсынған.

Бірақ егіздер отадан бас тартқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1787460-siam-egizderi-blinip-mir-sruge-kmektesetin-otadan-bas-tartty-video/

pixel