Ташкентте дәрігер жаңа туған нәрестені 100 долларға сатып жіберді
Опубликовано:
1 сәуір күні Ташкенттің Янгиюль ауданында акушер жаңа босанған әйелге баласының көз жұмғанын хабарлаған. Осылайша, дәрігер нәрестені 100 долларға сатып жіберген деп хабарлайды ca-news.org сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Баланың "өлімін" тіркеген гинеколог босанған азаматшаға жалған құжат жасап берген. Артынша ол нәрестені 100 АҚШ долларына саудалаған.
Ішкі істер органдарының тексерісі нәтижесінде бала саудасы фактісі тіркелді.
Қазір аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1788163-taskentte-driger-zaa-tugan-nresteni-100-dollarga-satyp-ziberdi/