Қытайда оқитын қазақстандық студенттер вирустан қорғану үшін не істеу керек
Жарияланған күні:
Мемлекеттің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшін қауіпті коноровирус тараған Қытайдың Ухань қаласындағы қазақстандық студенттердің жағдайына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Елдің бас санитар дәрігері жеке тәжірибесінде болған жағдайды есіне түсірді.
"Мен сап тобында болдым және осы елді-мекенде шошқалардың африкалық оба ауруы өршуіне байланысты карантин енгізілді, біз студенттер карантин болған кезде кете алмадық.
Олар қазір сол жерде ем алу керек. Инфекция өршіп тұрған ордадан оларды алып кету мүмкін емес. Олардың сау екеніне көз жеткізу керек", - дейді ол.
Атап өтейік, өткен жұмамен салыстырғанда әлемде жаңа коронавирустың таралуы жағдайының күн санап өсіп келе жатыр. Бүгінгі тваңда аурудың 571 жағдайы тіркелді, оның 71-і өліммен аяқталды.
Алдын ала эпидемиологиялық тергеудің мәліметтері бойынша, істің көп бөлігі Уханьдағы Хуанан теңіз өнімдерінің көтерме сауда базарына жиі келушілер немесе өңдеушілер болған.
Сонымен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сәйкес, коноровирустың жаңа түрі Жапония, Оңтүстік Корея мен АҚШ-та тіркелді. Ауырғандардың барлығы Ухань қаласында болып келген. Аурудың түрі ҚР-да тіркелмеді.
Елдің бас санитар дәрігері аталған қытайлық қалаға барудан бас тартуға кеңес берді.
ҚХР-на кеткен адамдарға жеке гигаена мен сақтық шараларын сақтауға кеңес берілді.
Еске сала кетсек, осыған дейін Қытайда белгісіз вирус тарағаны белгілі болған еді.
Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі Қытайда пайда болған жаңа коронавирусқа қарсы қандай сақтық шаралары қолданатынын айтты. Елімізде вирусты пневмонияның туындауына байланысты Қытаймен темір жол және әуе жолдары бақылауға алына бастады.
Сондай-ақ, 500-ге жуық адам, оның ішінде науқастармен байланыста болған дәрігерлер де бақылауға алынған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл инфекция балық базарынан шыққан деп есептейді.
Ғалымдардың болжауынша, вирус адамнан адамға өтуі мүмкін. Сонымен қатар инфекцияның басқа елдерге де таралып жатқаны хабарланды.
Күні кеше Қытайда тұратын қазақстандық азаматша қауіпті вирус таралғаннан кейін елдегі ахуал жайлы айтты. Оның сөзінше, ел тұрғындары медициналық бетперделерді тонналап сатып алуда.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1837512-kytajda-okityn-kazakstandyk-studentter-virustan-korganu-sin-ne-isteu-kerek/