Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жағдай бақылауда": ШҚО-да төрт қытайлық жұмысшы карантинге жатқызылған

Жарияланған күні:

Еліміздің бас санитарлық дәрігері Шығыс Қазақстан облысында жұмыс істеп жатқан 42 Қытай азаматы туралы мәселеге тоқталды – ол аталған өңірде жол салып жатқан қытайлық жұмысшыларға далада "лагерь" салынғанын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

Баспасөз мәслихатында журналистердің бірі бас санитарға сұрақ қоя отырып, ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың сөзін келтіріп өтті – БАҚ-тың ақпарынша, аймақ басшысы 42 қытайлықтың Қазақстаннан кетіп, елдеріне оралатынын мәлімдеген.

Облыс әкімі Зайсан ауданындағы наразылық акцияларынан кейін осындай мәлімдеме жасаған еді. Журналист бас санитарға "шетел азаматтарының елден шығарылуы олардан коронавирус анықталуымен байланысты ма" деген сұрақ қойды.

Өз кезегінде, Бекшин 42 қытайлық жұмысшының былтырдан бері ШҚО аумағында жол құрылысымен айналысып жатқанын жеткізді. Айтуынша, жұмысшылар құрылыс нысанының маңында тұрады, оларға елді мекендерден алыс жерде "лагерь" салынған.

Бас санитардың мәліметінше, қытайлық жұмысшылар Қазақстаннан өз елдеріне кете алады, алайда, қайта оралған кезде бірден карантинге жатқызылады. Құрылыс нысанында оларға арнайы карантиндік орын жасақталған.

Бекшин сондай-ақ жақында Қытайдан елге оралған төрт жұмысшының 16 күндік карантинге жатқызылғанын, олардан вирустың белгілері анықталмағанын атап өтті.

Айтуынша, оқшаулау мерзімі бүгін аяқталады, оларды денсаулық сақтау министрлігі тексереді.

"Жағдай бақылауда, барлығы қауіпсіз", – деп түйіндеді ол.

Бұған дейін бас санитар ресми түрде Зайсан ауданында коронавируспен ауыратындар жоқ екенін, тіпті, қатерлі вирусқа шалдығу күдігімен ауруханаға жатқызылған бірде бір науқас жоқ екенін мәлімдеген еді.

Сондай-ақ ол қазақстандықтарға коронавирус қаупіне байланысты бірқатар елдерге сапарлардан бас тартуға кеңес берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1842476-zagdaj-bakylauda-sko-da-trt-kytajlyk-zmyssy-karantinge-zatkyzylgan/