jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Грузияда микроавтобус 80 метр биіктіктен құлап, 17 адам қаза тапты (фото, видео)

    Грузияда микроавтобус жардан құлады. Фото
    Грузияда микроавтобус жардан құлады. Фото: mtavari.tv

    Грузияда жолаушыларға толы микроавтобус жардан құлап, кемінде 17 адам қаза тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы tass.ru басылымына сілтеме жасап.

    Грузия Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қоғамдық көлік елдің солтүстік-шығысындағы Душеткий муниципалитетінде таулы жолдың жарынан құлап кеткен. Жол апаты салдарынан микроавтобуста болған кемінде 17 адам қаза тауып, тағы үш жолаушы түрлі дене жарақаттарын алған.

    Грузияда микроавтобус жардан құлады. Фото
    Грузияда микроавтобус жардан құлады. Фото: mtavari.tv

    "Құтқарушылар зардап шеккендерді қауіпсіз жерге шығарды, кейін жедел жәрдем тобы оларды емханаларға алып кетті. Шамамен 17 адам қаза тауып, үш адам жарақат алған", - делінген Грузия Ішкі істер министрлігі таратқан хабарламада.

    Грузияда микроавтобус жардан құлады. Видеодан кадр
    Грузияда микроавтобус жардан құлады. Видеодан кадр: youtube.com/user/GeorgianPB

    Бұған дейін аталмыш құзырлы мекеме 12 адамның қаза болғанын хабарлаған болатын. Қаза болғандардың есімдері анықталуда. Жол апаты Бисо ауылы маңында орын алған. Белгілі болғандай, микроавтобус 80 метр биіктіктен тасты сайға құлап кеткен.

    Грузияда микроавтобус жардан құлады. Фото
    Грузияда микроавтобус жардан құлады. Фото: mtavari.tv

    Құтқару жұмыстарын жүргізуді Грузия Ішкі істер министрінің орынбасары Иосеб Челидзе мен Төтенше жағдайлар қызметінің басшысы Темур Мгебришвили қолға алған.

    Жол апатының орын алу себептері әзірге хабарланбады. Грузия Ішкі істер министрлігі жол апатына байланысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатқандығын алға тартты.

    Грузия президенті Саломе Зурабишвили жол апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, хабарлама жолдады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.