Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та полиция қара нәсілдіге оқ атты: Қалада жаппай тәртіпсіздік басталды (видео)

Опубликовано:

митингтер сериясы
Видеодан кадр: twitter.com/stillgray

АҚШ-тың Висконсин штаты, Кеноша қаласында полицейлер афроамерикалықтың арқасынан оқ атты. Бұл жаппай тәртіпсіздіктің басталуына себеп болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құқық қорғаушыларының оғы тиген Джейкоб Блейк әуе көлігі арқылы жаңын маңдағы ауруханаға жеткізілген.

Көршілерінің айтуынша, жәбірленушіге оқ балаларының көзінше тиген.

Губернатор Тони Эверс өз мәлімдемесінде Джейкоб Блейкті тапа тал түсте атқанын айтты.

"Біздің елімізде немесе біздің штатта құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен аяусыз өлтірілген немесе оқ тиіп, жараланған адам немесе алғашқы қара нәсілді ер адам емес екенін бәріміз білетін шығармыз", - деді ол.

2020 жылғы демократтардың атынан президенттікке бұрынғы үміткер болған Джулиан Кастро Twitter парақшасында Блейкке оқ тиген сәттен видео жариялады. Бейнежазбада Блейк жол талғамайтын көлігін айналып өтіп, жүргізуші орнына отыруға тырысқан сәтте оған офицерлер айқайлаған. Офицердердің бірі Блейкті жейдесінен ұстап, оқ атқан.

Полиция департаменті атыс болғанын растайтын мәлімдеме жасап, оқиға орнында шерифтің басқармасы мен Висконсин штатының мемлекеттік басқармасы атыс орнын күзетуді өз қолдарына алғанын айтты. Мемлекеттік әділет департаменті және қылмыстық тергеу бөлімі атысқа қатысты тергеу жүргізуде деп жазады Fox News.

Milwaukee Journal Sentinel хабарлауынша, болған оқиғадан кейін көптеген адам жиналып, жаппай тәртіпсіздік жасаған. Полициямен қақтығыс орын алып, тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ қолданған. Билік қалада коменданттық сағат жариялаған.

Назар аударыңыздар! Видеода зорлық-зомбылық іс-әрекеттер көрсетілген! 18 жасқа толмаған азаматтер мен аяғы ауыр әйелдерге, психикасында ауытқушылығы бар адамдарға көруге ұсынылмайды.

Еске салсақ, бұған дейін қара нәсілді азамат Джордж Флойдтың өлімінен кейін АҚШ-та басталып, Еуропа елдерінде жалғасқан тәртіпсіздіктерден фоторепортаж ұсынған едік.

Сондай-ақ, Лондонда өткен наразылық кезінде ақ нәсілді ер адамды аман алып қалған қара нәсілді азаматқа көпшілік сүйсінген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1870827-aks-ta-policia-kara-nsildige-ok-atty-kalada-zappaj-trtipsizdik-bastaldy-video/

pixel