Сауд Арабиясы шетелдіктерге кіші қажылық үшін шекара ашты
Жарияланған күні:
Сауд Арабиясы 1 қарашадан бастап кіші қажылық (умра) жасағысы келетін шетелдіктер үшін шекарасын толық ашты. Енді өзге елдегі мұсылмандар 1 қарашадан бастап Мекке мен Мединаға бара алады деп хабарлайды SPA агентігі.
Умраны толыққанды ашудың қорытынды кезеңі аясында қасиетті жерге қабылдау мүмкіндігі 100 пайызға дейін артқан.
Бұл шекарадан күнделікті 20 мың қажы өте алады деген сөз. Сондай-ақ Мекедегі Үлкен әл- Харам мешітіне 60 мың адамға дейін кіруге рұқсат деп жазады агенттік.
Мұнда жасқа байланысты шектеулер бар. Умраға ПТР анықтамасы теріс нәтиже көрсеткен 18 жастан 50 жасқа дейінгі мұсылмандар жіберіледі. Барлық қажы санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Ал билік тұрақты дезинфекция жүргізуді қатаң қадағаламақ.
Корольдікке келген соң шетелдіктер үш күн бойы міндетті түрде қонақүйде өз-өзін оқшаулауы керек. Кейін барлық қажы 50 адамнан аспайтын топтарға бөлініп, гид бағдарламасына сай жүреді.
Айта кетейік, сынақ режимі ретінде ислам қасиетті орындарына кіші қажылық 4 қазанда басталды. Бірінші кезеңде шекарадан өткізу қажылардың жалпы санының 30 пайызын құрады, бұл күніне шамамен алты мың адам.
Екінші кезең 18 қазаннан бастап күшіне енгеннен кейін жүктеме 75 пайызға дейін өсті (күн сайын 15 мың адам).
Ал әзірге тек патшалықтың азаматтары мен тұрғындары қажылыққа жіберілді.
Еске сала кетейік, Сауд Арабиясының билігі коронавирустың таралуына жол бермеу үшін елге кіруге уақытша тыйым салған еді.
Кейін ел билігі 7 елдің азаматтарына виза беруді уақытша тоқтатқаны да белгілі болды.
Ал маусым айында Сауд Арабиясының билігі Мекке мен Мединаға қажылыққа баруға тек санаулы мұсылман азаматтарына ғана рұқсат берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1882552-saud-arabiasy-seteldikterge-kisi-kazylykka-sekara-asty/