Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде мұсылмандарға өзге дін өкілімен отау құруға тыйым салынды

Жарияланған күні:

Намаз
Көрнекі фото: muslim.kz

Ресей мұсылмандарының діни басқармасы басқа дін өкілдерімен некеге тұруға тыйым салды. Бұл туралы басқарма шығарған діни тұжырымда айтылған деп хабарлайды Lenta.ru.

Құжатта "конфессияаралық некеге жол берілмейді және жергілікті мүфтидің шешімі бойынша жекелеген жағдайларда ғана мүмкін болады" делінген.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, аталмыш жағдайда мүфти ғана барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып шеше алады.

"Аралас некенің салдарының бірі мұсылман еркектің өзге дін өкілімен жанұя құруы мұсылман қыздарға өз дінінен жар табу мүмкіндігін төмендетеді. Осылайша, ол мұсылман емес адамға тұрмысқа шығуға мәжбүр болады. Бұл канондық тұрғыдан тыйым салынған ", - дейді ұйым хабарламасында.

Айта кетейік, мұсылман ер адам ғана Құран нұсқауларын орындауға дайын екенін айқын көрсеткен мұсылман емес қызбен отау құра алады.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ел тұрғындарын үкіметтің мешіттерде жұма намазын оқуды уақытша тоқтату туралы шешіміне мойынсұнуға шақырған еді.

Мемлекеттік ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша 2 қарашадан бастап барлық мешітте бес уақыт намазды жамағатпен оқуға рұқсат берілген болатын. Алайда жұма намазы уақытша оқылмайды.

Осыған орай, ҚМДБ мұсылман қауымын мемлекет заңына мойынсұнуға және түрлі арандатушылық әрекеттерге салынбауға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, Сауд Арабиясы 1 қарашадан бастап кіші қажылық (умра) жасағысы келетін шетелдіктер үшін шекарасын толық ашты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1884188-resejde-msylmandarga-zge-din-kilimen-otau-kruga-tyjym-salyndy/