Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік мұсылмандар "Спутник V" вакцинасының құрамы жайлы ақпарат сұрап отыр

Жарияланған күні:

Ресей вакцинасы
Көрнекі фото: Anadolu Agency via Getty Images

Ресей мұсылмандар діни басқармасы коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасын мұсылмандарға салуға болатынын не болмайтынын білу үшін оның құрамы туралы мәлімет сұрап отыр деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Мәскеу мұсылмандар діни басқармасы төрағасының орынбасары Ильдар Аляутдиновтың айтуынша, мұндай өтініш мұсылмандар тарапынан көптеп түскен.

Аляутдинов діни басқармаға Ресей мұсылмандарынан ислам тұрғысынан вакцинаға рұқсат етілген бе әлде тыйым салынған ба деген сауалдар жиі қойылғанын атап өткен.

Өйткені екпе құрамындағы кейбір заттар мұсылмандар үшін рұқсат етілмеген болуы мүмкін.

"Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, құрметті Александр Леонидович, сізден РФ МДБ Ғұламалар кеңесіне "Спутник V" құрамы туралы толық ақпарат беруіңізді сұраймыз.

Бұл аталған вакцинаның мұсылмандарға рұқсат етілгені немесе тыйым салынғандығы туралы дұрыс діни тұжырым жасауға көмектеседі", - дейді Ресей мұсылмандар діни басқармасы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Индонезияның ғұламалар кеңесі коронавирусқа қарсы вакцинаның адал (халал – ред.) екендігіне көз жеткізу үшін арнайы куәлік сұрап отырғанын жазған едік.

Индонезия Қытайдың "Синовак Байонтек" вакцинасының 3 миллион дозасын алдырған.

"Біздің мақсатымыз алғашқы екпе жасалмай тұрып, пәтуа шығарту. Бұл өте маңызды. Себебі индонезиялықтардың көбі мұсылмандар және халал куәлігін алу парыз. Бұл тамақ пен сусынға ғана емес, сондай-ақ дәрі-дәрмекке де қатысты", - дейді Индонезияның ғұламалар кеңесі халал орталығының директоры Мути Аритауати.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1896924-halal-ma-msylmandar-sputnik-v-vakcinasyny-kramy-zajly-akparat-srap-otyr/