Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында 7 адамды іздеуге әуеге тікұшақ көтерілді

Опубликовано:

Тікұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Түркістан облысында жоғалып кеткен 7 адамнан құралған туристер тобын Eurocopter тікұшағының көмегімен іздей бастады. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Өткен күндері Eurocopter тікұшағы ауа райына байланысты көкке көтеріле алмады, өйткені туристер жоғалған таулы аймақта қалың қар мен жаңбыр жауып жатты. Қазіргі уақытта тікұшақ әуеге көтеріліп, іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Оған қоса, тікұшақ санын арттыру мәселесін қарастырып жатырмыз", – деді Ерік Сарыбаев.

Еске салсақ, Түркістан облысының құтқарушылары Төле би ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жоғалған жеті адамды іздестіріп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің мәліметінше, жеті адамның жоғалғаны туралы хабарлама 112 пультіне 25 мамыр күні сағат 18:30-да түскен.

Белгілі болғандай, 21 мамыр күні туристер "Сары-Айғыр" шатқалына жаяу бет алған. Құтқарушыларға хабарласқан адамның айтуынша, олар 24 мамырда оралуы керек болатын. Алайда сол беті қайтып келмеген.

Өткен тәулікте іздестіру топтары 37 шақырымға жуық таулы аймақты жаяу аралап шыққан. Одан бөлек, екі пилотсыз ұшу аппараты арқылы 4 шақырым радиуста барлау жүргізілген.

"Іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 25 құтқарушысы, 2 квадракоптері және 7 техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, полиция департаментінің 4 қызметкері мен 1 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 2 қызметкері мен 1 техникасы, ҰҚК Шекара қызметінің 3 атты патрулі, ұлттық парктің 10 қызметкері мен жоғалғандардың туыстары да іздеу жұмыстарына атсалысуда", – дейді төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1914745-turkistan-oblysynda-7-adamdy-izdeuge-auege-tikusaq-koterildi/

pixel