Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көзіме шайтан көрінді": Автобуста жолаушыны пышақтаған ер адам шындығын айтты

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет: РБК

Ресейдің Ростов облысында жолаушылар автобусына шабуыл жасаған 51 жастағы ер адам қанды қылмысқа не үшін барғанын айтты. Оның мәлімдеуінше, автобус ішінен шайтандар көрінген деп жазады ria.ru агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Айта кетелік, бейсенбі күні Семен есімді 51 жастағы азамат Азов ауылынан Круглое селосына бет алған жолаушылар автобусында қанды қырғын жасады. Пышақ жарақатынан 33 жастағы келіншек оқиға орнында көз жұмса, егде жастағы екі қария ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілді.

Қылмыскер оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда, полиция қызметкерлері күдіктіні жергілікті зираттың арасынан тауып алды.

Кейін полицияға түсініктеме берген Семен автобус ішіндегі жолаушыларға не үшін пышақ ала жүгіргенін жасырмай айтты. Оның сөзінше, көлік ішінен көзіне шайтандар көрінген. Ол адамдарды емес, шайтанды ұру үшін пышақ ала жүгіреді. Күдікті шайтаннан жасырыну үшін де қанды оқиға орнынан қашып кеткенін мәлімдеді.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, күдікті психикалық ауытқушылықтарына байланысты арнайы есепте тұрған. Одан бөлек, қылмыскердің бөтеннің мүлкін ұрлап, билік өкілдеріне шабуыл жасап, ұрлыққа қатысқаны үшін үш рет істі болғаны да анықталды.

Еске сала кетейік, бұған дейін 13 жастағы қызын тіл алмағаны үшін елсіз аралға қалдырып кеткен отбасы туралы жазған болатынбыз. Аталған оқиға Қытайдың Шандунь аймағында тіркелген. Елсізде жүрген қыз баланы жергілікті балықшы тауып алып, полицияға табыстады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1922778-kozime-saitan-korindi-avtobusta-zolausyny-pysaqtagan-er-adam-syndygyn-aitty/