Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда билікті ашық сынаған миллиардер 18 жылға сотталды

Опубликовано:

Сунь Даву
Сунь Даву. Фото: Zhang Ke / VCG / Getty Images

Қытайдың Коммунисттер партиясын ашық сынап жүрген миллиардер Сунь Даву 18 жылға түрме жазасына кесіліп, үш миллион юань (197,6 млн теңге) айыппұл төлеуге міндеттелді деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

Ол адамдарды мемлекеттік мекемелерге шабуыл жасауға шақыру, заңсыз бизнес жүргізу, заңсыз жер басып алу және араздықты қоздыру баптары бойынша айыпталған.

67 жастағы Сунь – тоғыз мың адам жұмыс істейтін ауыл шаруашылығы кәсіпорнының басшысы. Ол 2019 жылы 100 миллиондай шошқа өліміне себеп болған шошқа тұмауының масштабын жасырғаны үшін қытай үкіметін ашық сынаған.

Осыдан кейін мемлекет оның жер учаскесін тартып ала бастаған. Оның қызметкерлері совхоз ғимараттарының сүрілуіне қарсы шығып, полициямен қақтығыста жарақат алған.

Қытай құқық қорғаушылары Сунь адам құқықтарын қолдағаны үшін жазаға тартылғанын айтады.

Сунь қытай университеттерінде лекция оқып, қайырымдылық істерімен айналысып келген. Аурухана мен мектептер салуды қаржыландырған.

Айта кетейік, бұған дейін 2020 жылы Қытайда жылжымайтын мүлік магнаты, блогер Жэнь Чжицян 18 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Бейжің соты "Huayuan Real Estate Grouр" мемлекеттік құрылыс компаниясының бұрынғы басшысын "жемқорлық, парақорлық, мемлекет мүлкін жымқыру, қызмет бабын асыра пайдалану" баптары бойынша кінәлі деп тапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1924763-qytaida-bilikti-asyq-synagan-milliarder-18-zylga-sottaldy/

pixel