jitsu gif

Мысырда 11 жастағы қалыңдық пен 12 жастағы күйеу жігіттің тойы тоқтатылды

Балалар
Фото: Twitter / alarabiya.net

Мысыр қауіпсіздік күштері 11 және 12 жастағы балаларының некесін қидырмақ болған ата-аналарды қамауға алды. Бұл туралы жергілікті Al Arabiya басылымы жазды.

Каирден 30 шақырым жердегі Умм-Хенан ауылында кәмелетке толмаған балалардың некесін қидырмақ болғандар тоқтатылды.

Зергерлік бұйымдар дүкенінің иесі Facebook-те жас келінге деп дүкеннен сатып алынған алтын әшекейлердің суретін жария еткеннен кейін бұл жайт бірден көпшіліктің назарына іліккен.

Белгілі болғандай 12 жастағы күйеу жігіттің ата-анасы 11 жастағы қалыңдыққа алтын бұйымды дәстүр бойынша сыйлық ретінде сатып алған. Алайда олардың ойлағын жүзеге аспай, неке қидырар алдындағы екі отбасының тойын полиция тоқтатқан.

Ана мен бала жөніндегі ұлттық кеңестің бас хатшысы Сахар ас-Санбатидің айтуынша, Балаларды қолдау жүйесінің қауырт телефонына әлеуметтік желіде "жас жұбайлардың" суретін көріп қалған адам қоңырау шалған.

"Бұл оқиға Мысыр конституциясының балаларды қорғау туралы 80-бабына қайшы келеді және балалар зорлық-зомбылыққа немесе қатыгездікке ұшыраған жағдайда мемлекеттің араласуы қарастырылған", - дейді ол.

Енді жасөпірімдердің ата-аналары сот алдында жауап беретін болады.

Мысыр заңы бойынша 18 жасқа толғаннан кейін неке тұруға рұқсат. Бұрын елдің ауылдары мен шалғай аудандарында 16 жастағы, тіпті 14 жастағы балалардың үйлену тойы өткізіле беретін. Соңғы жылдары, Мысырда тиісті органдар құрылғаннан кейін, кәмелетке толмағандар арасындағы неке заңмен қудаланатын болған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.