Қазақстан мен Қытай арасындағы автокөлік өткізу бекеттері жабылады
Опубликовано:

Қытай Қазақстанмен автокөлік өткізу пунктерін уақытша жабады деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жайында Мемлекеттік кірістер комитеті ресми мәлімет таратты.
Қытайда мереке күндеріне байланысты қазақ-қытай шекарасындағы "Нұр жолы", "Достық-авто" және "Бақты" өткізу бекеттері 1-3 қазан аралығында жабық болады.
Сонымен қатар, қытай тарапында дезинфекциялық құрылғыларды қысқы маусымға дайындауға байланысты "Бақты" өткізу пункті 3-4 қазан күндері де жабық болады.
Осыған байланысты ведомство шекараны кесіп өтуге ынталы тасымалдаушылардан көршілес елдегі мерекелік шаралар есебімен өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1934775-qazaqstan-men-qytai-arasyndagy-avtokolik-otkizu-beketteri-zabylady/