Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан-Қытай шекарасынан 4 мыңнан астам жүк көлігі мен 8 мыңнан астам вагон өте алмай тұр

Опубликовано:

Шекара
Кадр: "Астана" арнасы

Транзиттік шектеу енгізілгелі бері шекарада жағдай қиындаған. 4 мыңнан астам жүк көлігі мен 8 мыңнан астам вагон Қазақстан мен Қытай шекарасынан өте алмай тұр. Алыс-беріс тоқтап, ел экономикасы миллиардтаған шығынға батуда деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Елордалық кәсіпкер Самат Исабаев мұндай кедергіге 11 жылда бірінші рет душар болғанын айтады. Кәсіпорын бас қаладағы дәріханаларды медициналық құрылдармен қамтамасыз етеді. Ол жоғары сұранысқа ие тауардың елге кіргізілмей жатқаны шығынға батырып жатқанын жасырмады. Айтуынша, оның бір жарым миллион доллардан астам қаражатқа алған тауары шекарадан бері өте алмай тұр.

"Дәл қазіргі дағдарыс жағдайына біз бірінші рет тап болып отырмыз. Бұған дейін сата алмай қиналатынбыз, қазір сататын затымыз жоқ. Ай сайын түсуі тиіс 130 миллион теңге табыстан қағылып отырмыз. Егер жағдай осылай жалғаса берсе, тауар жақын күндері келмесе, қараша айында жұмыс орындарын қысқартуға тура келеді", - дейді Исабаев.

Телеарна мәліметіншек, Қытайдан келетін тауарлардың кешігуінен қазақстандық бизнес 170 миллиард теңге шығынға ұшыраған. Көлік иелері 8 млрд теңгеден айырылған. Сондай-ақ, импорттаушылардың айтуынша, Қытайдың көлік және темір жол тарифтері пандемияға дейінгі бағаға қарағанда 4 есе өскен.

"Бұл жағдай біржақты болмай тұр, өйткені біз былтырдан бері шектеулердің себептері туралы ресми хат алған жоқпыз. Қазір көрші елмен логистика құру мүмкін болмай тұр. Бұл бизнесмендердің алаңдаушылығын тудыруда. Бүгін Қытай теміржолы жоспарға келіссе, ертең белгісіз себептермен жүкті қабылдаудан бас тартады. Бұл, экспортқа да, импортқа да қатысты", - дейді "Атамекен" ҚР ҰКП Логистика және тасымалдау департаменті басшысының орынбасары Дархан Мұратханов.

А. Базарбай

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1939484-qazaqstan-qytai-sekarasynan-4-mynnan-astam-zuk-koligi-men-8-mynnan-astam-vagon-ote-almai-tur/

pixel