Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

95 жастағы II Елизавета патшайым коронавирус жұқтырып алды

Опубликовано:

Елизавета II
Фото: Хабар 24

Ұлыбритания патшайымы II Елизавета коронавирус жұқтырып алды. Бұл туралы Букингем сарайы хабарлады, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Ресми өкілдер 95 жасқа келген патшайымның ауруы тұмау сияқты жеңіл өтіп жатқанын айтты. Бірақ дәрігерлердің барлық кеңестерін орындап, қажетті емдом алып жатыр.

Науқастанып қалғанына қарамастан кей міндеттерін атқаруды жалғастыра бермек. Ұлыбритания тағында ең көп отырған II Елизаветаның өмірі мен денсаулығы үнемі қоғам назарында.

Өткен жылы қазан айында патшайым бір күнін ауруханада өткізіп, дәрігерлер оған демалуға кеңес берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1957003-95-zastagy-patsaiym-elizaveta-ii-koronavirus-zuqtyryp-aldy/

pixel