Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҰҰ Бас Ассамблеясы Ресейден Украинадағы арнайы операцияны тез арада тоқтатуды талап етті

Опубликовано:

БҰҰ Бас Ассамблеясы
Фото: 24tv.ua

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы сәрсенбідегі арнайы сессия аясында Ресейдің Украинадағы операциясын айыптайтын резолюция қабылдады. Қазақстан дауыс беруден қалыс қалды.

ТАСС деректеріне сүйенсек, осыған дейін Ресей дүниежүзілік ұйымның Қауіпсіздік кеңесінде мазмұны жағынан ұқсас құжаттың күшін жойған. Сондай-ақ, Бас Ассамблея қарары міндетті заңды күшке ие емес екені де атап өтілді.

Мұнда 141 елдің өкілдері қолдап дауыс берді, 5 ел қарсы болды, 35 ел қалыс қалды.

Агенттік хабарлауынша, Беларусь, КХДР, Эритрея, Ресей және Сирия қарсы дауыс берген. Қалыс қалғандардың арасында Қытай, Үндістан, Қазақстан, Армения, Пәкістан, Иран, Ирак, Куба, Қырғызстан, Въетнам, Оңтүстік Африка, Никарагуа, ОАР бар.

Резолюцияда Ресейдің арнайы әскери операцияны айыптау, тежеу күштерінің дайындығын арттыру туралы шешімдер, сондай-ақ Ресейге әскери операцияларды дереу тоқтату туралы талап бар екені көрсетілген. Қарардың бірлескен авторлары-АҚШ пен Украина, оларға жүзге жуық ел қосылды.

Осы тұста Ресейдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Василий Небензя бұл шешім "бейбітшілікке ықпал етпейтінін" түртіп өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1958970-buu-bas-assambleyasy-reseiden-ukrainadagy-arnaiy-operaciyany-tez-arada-toqtatudy-talap-etti/

pixel