Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей кемелері үшін Еуроодақ порттары жабылуы мүмкін

Опубликовано:

Кеме
Көрнекі фото: pixabay.com

Еуроодақ елдері Ресей кемелері үшін порттарды жабуды көздеп отыр, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Ресми шешім қабылданғанға дейін ірі компаниялар Ресеймен алыс-берісін тоқтатты. Жуырда Ұлыбритания Ресей туының астында жүзетін кез келген су кемесін өз портына кіргізбеу туралы шешім қабылдады. Осылайша, әдетте Ұлыбританияға тасымалданатын газ бен мұнайдан енді Мәскеуге кіріс түспейді. Батыс елдерінен бөлек Канада да порттарды жауып тастамақ. 

"Порттардың жабылуына байланысты газ бен мұнайдың бағасы аспандап барады. Енді тауарды жеткізу жағынан біршама қиындық туады. Санкциялардың салдары мен Қара теңіздегі порттардың жабылуынан, қаржылық операциялардың шектелуінен жағдай күн өткен сайын қиындай түседі. Алдағы уақытта Еуропа мен Америка билігі жаңа шектеулерді қабылдауы мүмкін", - деді Ян Бреммер.

Жуырда "Новороссийск" теңіз сауда порты да санкциялардың тізіміне ілікті. Әзірге ондағы жұмыс штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бұл жүк айналымы бойынша Ресейдегі ірі порттардың бірі болып саналады.

Айта кетейік, ол арқылы Каспий құбыр консорциумымен еліміздің батыс өңірінен қазақстандық мұнай да өтеді. Қара алтын Оңтүстік Озереевкадағы Теңіз терминалына дейін жетіп әлемдік нарыққа саудаланады.

Сонымен қатар, Германиядағы Гамбург порты да Ресей Федерациясынан қатынайтын кемелерді қабылдаудан бас тартты. Қазір су көліктері аймаққа кіре алмай отыр. Олардың арасында қазақстандық кемелер бар ма, жоқ па, бұл жағы әзірге белгісіз.

"Бұл санкциялардың көпке созылуы мүмкін емес. Газдың бағасы шарықтап кеткенін көріп тұрмыз. 1 мың текше метр үшін баға 2 200 долларға дейін жетеді. Мұнайдың құны да барреліне 100 доллардан асады. Коронавирустан есеңгіреп қалған экономика бұндай қиыншылықты еңсере алмайды.

Ал АҚШ болса, Еуропаны қажетті газбен толық қамтамасыз ете алмайды. Катар да көмектесуге қауқарсыз. Мәселен 30-40 процент газды Ресей жеткізетін. Америкалықтарға қарағанда, Еуропа билігі қабылдап жатқан шешімнің нәтижесін толық есептеп жатқан жоқ дер едім", - дейді мұнай-газ саласындағы сарапшы Сергей Смирнов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1958973-resei-kemeleri-usin-euroodaq-porttary-zabyluy-mumkin/

pixel