Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Samsung компаниясы Ресейге өнім жеткізуді тоқтатты

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pxhere.com

Оңтүстік кореялық Samsung Electronics компаниясы Ресейге өнім жеткізуді тоқтатты, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Яғни, бұдан былай бұл елге чиптер, тұрмыстық техника мен смартфондар жеткізілмейді. Концерн өз шешімін "қазіргі геосаяси оқиғалармен" байланысты деп түсіндірді.

Айта кетейік, Samsung смартфондары Ресейдегі ең танымал телефондардың бірі саналады. Reuters агенттігінің мәліметі бойынша, Ресей нарығының үштен бірі дәл осы компанияның үлесінде. Естеріңізде болса, бұған дейін Apple, Оракл, Intel компаниялары да осындай шешім қабылдаған еді.

Одан бөлек, Ресей Федерациясының Байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық коммуникациялар саласындағы қадағалау жөніндегі федералдық қызметі елдегі Facebook жұмысын толық бұғаттауды дұрыс деп тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1959440-samsung-kompaniyasy-reseige-onim-zetkizudi-toqtatty/

pixel