Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейліктер тыйым салынған Instagram әлеуметтік желісін қолданғаны үшін жауапкершілікке тартыла ма

Опубликовано:

Ресейде 20 VPN бұғатталды
Көрнекі фото: pixabay.com

Роскомнадзор бұғаттап тастаған Instagram әлеуметтік желісі экстремистік ұйым деп танылған күннің өзінде азаматтар оны қолданғаны үшін жауапқа тартылмайды. Бұл туралы Ресей мемлекеттік Думасының ақпараттық саясат, ақпараттық технологиялар және байланыс жөніндегі комитетінің басшысы, "Единая Россия" фракциясының депутаты Александр Хинштейн мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Дума ТВ" сайтына сілтеме жасап.

"Бүгінгі таңда мұндай жауапкершілік белгіленбеген... Бұл ретте осы желіні пайдалануды жалғастыратындардың барлығы VPN арқылы кіріп отырғанын ескеру қажет. Осы бағытта Роскомнадзор жұмыс жүргізіп жатыр және VPN -ды күн сайын бұғаттап жатыр", - дейді депутат.

Александр Хинштейннің айтуынша, Ресейде танымал 20 VPN-сервисі бұғатталды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі жалғасады, дейді ол.

"Егер желі пайдаланушысы желіге мысықтардың суретін жариялаған болса, онда ол бүгінгі заңнамаға сәйкес, жауапкершілікке тартылмайды. Ал егер заңнама талаптарына қайшы келетін Конституцияға қарсы үндеулер, Калининградты Германияға беру секілді ұсыныстар, жалған ақпараттар мен өзге де қорлау мазмұнындағы жазбалар жазса, ол бұл үшін жауап береді", - дейді Александр Хинштейн.

Дума комитеті басшысының айтуынша, Meta Ресей әскери күштеріне қарсы зорлық-зомбылыққа үндеу жасау туралы шешімді жойса, әлеуметтік желіні қалпына келтіру мүмкін болмақ.

"Біріншіден, Meta компаниясы енгізілген өзгерістердің күшін жойған жағдайда, екіншіден, өз ұстанымын ресми түрде көпшілікке түсіндіріп, кешірім сұраған жағдайда ғана әңгімені әрі қарай жалғастыруға болады. Бірақ шешімді Бас прокуратура қабылдайды", - дейді ол.

Еске салсақ, 14 наурыз күні Ресейде Instagram әлеуметтік желісі бұғатталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1961028-reseilikter-tyiym-salyngan-instagram-aleumettik-zelisin-qoldangany-usin-zauapkersilikke-tartyla-ma/

pixel