Қытайдың Львовтағы елшісі ҚХР Украинаға ешқашан шабуыл жасамайтынын мәлімдеді
Жарияланған күні:
Украинаның Львов қаласындағы Қытай елшісі Фань Сяньжун ҚХР Украинаға ешқашан шабуыл жасамайтынын атап өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі CNN басылымына сілтеме жасап.
"Қытай ешқашан Украинаға шабуыл жасамайды. Біз көмектесеміз, әсіресе экономикалық жағынан... Қазір сіздерде болған жағдайда біз жауапкершілікпен әрекет етеміз", - деді Фань облыстық әскери басқармасының басшысы Максим Козицкиймен кездесуінде.
Оның сөзінше, Қытай Украина үшін достық ниеттегі ел болып қала береді.
"Қытай әрқашан Украина үшін экономикалық және саяси жағынан жақсы дос болып қала береді", - деді Фань.
Айта кетсек, Қытай елшілігі бұған дейін Киевтен Львовқа көшкенін хабарлаған еді.
Сондай-ақ, АҚШ-тағы Қытай елшісі Цинь Ган Бейжің Украинадағы соғысты тоқтатқысы келетінін және ел осы ретте Ресейді қолдамағанын айтты, деп хабарлайды The Washington Post.
Оған қоса, Украина-Ресей қақтығысы "Қытайға пайда әкелмейтінін" атап өткен. Егер Қытай үкіметі қауіп туралы алдын ала білсе, Украинадағы жағдайдың алдын алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын еді.
Еске сала кетсек, бұған дейін Біріккен ұлттар ұйымы Украинада соғыс басталғалы бері 691 бейбіт тұрғын құрбан болғанын хабарлаған болатын.
Оның 135-і ер адам, 99-ы әйел және 18-і бала. Сондай-ақ, 30 бала мен жынысы анықталмаған 409 ересек бар. Жалпы саны 1 143 адам жарақат алған.
Сонымен қатар, ұйым құрбан болғандар саны әлдеқайда көп болуы мүмкін екені атап өткен еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1961287-qytaidyn-lvovtagy-elsisi-qxr-ukrainaga-esqasan-sabuyl-zasamaitynyn-malimdedi/