Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайдағы ұшақ апаты: Жолаушылар арасында Қазақстан азаматтары болды ма

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: pixabay.com

Қытайда апатқа ұшыраған ұшақ ішінде Қазақстан азаматтары болды ма? Бұл сауалға Сыртқы істер министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Қазақпарат.

"Алдын ала мәлімет бойынша аталған ұшақтағы жолаушылар арасында біздің елдің адаматтары болмаған", - делінген Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін бортында 133 адам болған ұшақтың Қытайдың оңтүстігінде апатқа ұшырағанын жазған болатынбыз.

Қайғылы оқиға Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы биік таулы аймақтарда болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1961758-qytaidagy-usaq-apaty-zolausylar-arasynda-qazaqstan-azamattary-boldy-ma/

pixel