Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей Денсаулық сақтау министрлігі Жириновскийдің өлімі жайлы ақпаратты жоққа шығарды

Жарияланған күні:

Владимир Жириновский
Владимир Жириновский. Фото: Alexander Nemenov/AFP/Getty Images

Mash Telegram-каналы Ресейдің либерал-демократиялық партиясының жетекшісі, танымал саясаткер Владимир Жириновский өмірден өткенін хабарлады. Алайда елдің Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады РИА Новости.

Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Жириновскийдің жағдайы бірқалыпты. Оған дәрігерлер қолдан келген көмектің барлығын көрсетіп жатыр.

Сонымен қатар, Мемлекеттік Дума спикері Вячеслав Володин да саясаткердің өмірден өткені жайлы ақпаратты жоққа шығарды.

"Мен Владимир Вольфович Жириновскийдің денсаулығына алаңдап отырған барлық жанды сабырға шақырғым келеді. Ол тірі. Жағдайы шынымен ауыр. Бүгін компьютерлік томографиядан өтті. Ол үшін бізде алаңдап отырмыз, дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр. Оған тезірек сауығып кетуді тілейік", - деп жазды Володин өзінің Telegram-каналында.

Айта кетейік, Владимир Жириновский ақпан айының басында ауруханаға жатқызылған болатын. Содан бері саясаткер емдеу мекемесінде жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1962155-vladimir-zirinovskii-omirden-otti/