Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Түрікменстан полицейлері таксистерге жаңа президенттің портретін сатып жатыр

Опубликовано:

Сердар Бердімұхамедов
Сердар Бердімұхамедов. Фото: Igor Sasin/AFP/Getty Images

Түрікменстанда полицейлер такси жүргізушілеріне елдің жаңадан сайланған президенті Сердар Бердімұхамедовтың портретінің көшірмелерін сатуда, деп хабарлайды azathabar.com.

Айта кетейік, таяуда ғана Түрікменстанда өткен кезектен тыс президенттік сайлауда жеңіске жеткен Сердар Бердімұхамедов 19 наурызда ресми түрде президент атанды.

Осыған байланысты Мары уәлаяты полицейлері такси жүргізушілеріне көліктің алдыңғы терезесін таңбалау үшін жаңа президенттің портретін сата бастады.

Жергілікті такси жүргізушілерінің айтуынша, полиция қызметкерлері А4 өлшемді қағазға президенттің төрт портретін басып шығарып, әрқайсысын бес манаттан (670 теңге) саудаға салады екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1962833-baq-turikmenstan-policeileri-taksisterge-zana-prezidenttin-portretin-satyp-zatyr/

pixel