Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әзербайжанда түнгі клубтардың бірінде жойқын жарылыс болды: Қаза тапқандар бар (видео)

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: Anadolu Agency / Contributor

Әзербайжан басылымдары ел астанасы Бакудегі түнгі клубтардың бірінде жойқын жарылыс болғанын хабарлады. Соңғы мәліметтерге сәйкес, оқиға салдарынан қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар.

Mash Telegram арнасының хабарлауынша, қайғылы оқиға Әзербайжан астанасындағы LocationBaku түнгі клубының аумағында болған.

Алдын ала болжам бойынша, жарылысқа газдың шығуы себеп болған.

Салдарынан үш адамның қаза тапқаны айтылды. Оқиға орнында құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметі жұмыс істеп жатыр.

Сонымен қатар, тағы 24 адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды. Оның 13-і ерлер, 11-і әйелдер. Барлығы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1963263-azerbaizanda-tungi-klubtardyn-birinde-zoiqyn-zarylys-boldy-qaza-tapqandar-bar-video/

pixel