Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Мұрын арқылы қабылдауға арналған әлемдегі алғашқы вакцина тіркелді

Опубликовано:

індет11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ресейде мұрын арқылы қабылдауға арналған әлемдегі алғашқы вакцина тіркелді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Телеграм-арнасына сілтеме жасап.

"Ресейде әлемдегі алғашқы мұрынға арналған коронавирус вакцинасы тіркелген. Мұрынға арналған вакцина екі дозадан тұрады және үш апта аралықпен енгізіледі. Бұл кезеңде вакцинаны 18 және одан жоғары жастағы адамдарда вакцинопрофилактиканы жүзеге асыратын медициналық ұйымдар жағдайында қолдануға рұқсат етіледі", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, елімізде қазіргі уақытта 2 588 адам коронавирус инфекциясынан (1 563 КВИ+ және 1 025 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 305 пациент стационарда, 2 283 науқас амбулаториялық деңгейде.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 14 адамның жағдайы ауыр,
  • 10 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 5 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1963267-koronavirus-muryn-arqyly-qabyldauga-arnalgan-alemdegi-algasqy-vakcina-tirkeldi/

pixel