Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда сүндеттеуден кейін 7 жасар бала көз жұмды

Опубликовано:

аурухана74
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қырғызстан астанасы Бішкекте сүндеттеу процедурасынан кейін жеті жасар бала көз жұмды. Бұл туралы Октябрь ауданы Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі 01.kg басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 2 сәуірде милицияға қалалық балалар клиникалық жедел жәрдем ауруханасының хирургия бөлімінде баланың қайтыс болғаны туралы ақпарат түскен.

"Ұлттық госпитальде баланы жергілікті наркозбен сүндеттегені белгілі болды. Отадан кейін ол 3-балалар ауруханасының хирургия бөліміне "Платтер синдромы, шеткі тәнінің жарақатынан қан кету" диагнозымен түскен.

Сол жерде есін жимастан көз жұмған. Факті тіркелді, өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда", - деп хабарлады Ішкі істер басқармасынан.

Бұл жағдайға қатысты Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі де пікір білдірген, деп жазады Sputnik Қырғызстан.

Ведомство мәліметінше, Ұлттық госпиталь басшылығы ішкі тергеу жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ, министрлік алдын ала болжам бойынша баланың өліміне оның жүрегінің тоқтап қалуы себеп болғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1963566-qyrgyzstanda-sundetteuden-keiin-7-zasar-bala-koz-zumdy/

pixel