Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркия Ирактың солтүстігінде әскери операцияны бастады

Опубликовано:

Түркияның Қорғаныс министрлігі
Фото: Arif Akdoğan/AA

Түркияның Қорғаныс министрлігі Ирактың солтүстігінде Күрдістан жұмысшы партиясының содырларына қарсы жаңа әскери операцияны бастады, деп хабарлайды Anadolu агенттігі.

Түркияның қорғаныс министрі Хулуси Акардың мәліметінше, "Тырнақ" операциясы аясында Метина, Зап және Авашин-Басян аймақтарындағы лаңкестік нысандарға сәтті шабуыл жасалған.

"Қаһарман ұшқыштарымыз лаңкестік ұйымға тиесілі баспаналар, бункерлер, үңгірлер, туннельдер, оқ-дәрі қоймалары мен штаб-пәтер деп аталатын нысандарды сәтті атқылады", - деді ол.

Акардың Бас штаб төрағасы генерал Яшар Гүлер, Құрлық күштері қолбасшысы генерал Мұса Авсевер және Теңіз күштері қолбасшысы генерал Аднан Озбалмен бірге BBC қолбасшылығының штаб-пәтеріне келгені белгілі болды.

"Алғашқы кезеңде алға қойылған мақсаттар орындалды. <...> Біз 40 жылдан бері елімізді жайлаған лаңкестіктен асыл халқымызды сақтап қалуға бел будық", - деді Түркияның қорғаныс министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1965487-turkiya-iraktyn-soltustiginde-askeri-operaciyany-bastady/

pixel