Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Стамбұлда жарылыс болып, кем дегенде 10 адам жарақат алды

Опубликовано:

Жедел жәрдем
Көрнекі фото: pixabay.com

Стамбұлдың Бейоглу ауданында жарылыс болды. Жергілікті Sabah газетінің хабарлауынша, жарылыс жер асты кабельдік ғимаратында болған.

"Шұғыл ақпарат: Бейоглудағы жер асты кабельдік ғимаратында жарылыс болды. Көшедегі қалың түтінге байланысты адамдар ғимараттан қауіпсізге жерге көшіріліп жатыр", - делінген хабарламада.

Жарылыс полиция бөлімшесінің маңында болған. Төтенше жағдай салдарынан кем дегенде 10 адам жарақат алған, деп хабарлады CNN Turk.

Әзірге қаза болғандар жайлы ақпарат жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Стамбұлда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырап, салдарынан үш адам қаза тауып, 18 адам жарақат алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1965554-stambulda-zarylys-bolyp-kem-degende-10-adam-zaraqat-aldy/

pixel