Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда көшенің ортасына ұшақ құлап, екі адам қайтыс болды

Опубликовано:

Ұшақ апаты
Фото: Ugur Ulu/Anadolu Agency via Getty Images

Түркияның Бурса қаласының тұрғын ауданындағы көшенің ортасында бір моторлы ұшақ құлап, салдарынан, ұшқыш пен курсант қаза тапты, деп хабарлайды NTV.

Бурса губернаторы Якуп Джанболаттың айтуынша, ұшқыш пен оның курсанты отырған ұшақ Юнусели әуежайынан ұшып шыққан. Алайда тұрғын үймен соқтығысқаннан кейін апатқа ұшыраған.

Салдарынан ұшқыш та және ұшу дайындығынан өтіп жүрген оның курсанты да мерт болған.

Сондай-ақ көшедегі екі көлік пен екі ғимаратқа залал келген.

Жергілікті биліктің болжамынша, апат техникалық себептерге байланысты болуы мүмкін.

Апат болған жерде бірден өрт пайда болған. Дегенмен өрт сөндірушілер өртті тез арада сөндірген. Қазір олар қалдықтарды жинауда.

Назар аударыңыз! Видеода жантүршігерлік кадрлар бар! Видео психикасы әлсіз, аяғы ауыр және 18 жасқа толмаған жандарға көру ұсынылмайды!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1966841-turkiyada-usaq-kosenin-qaq-ortasyna-qulady-qaza-tapqandar-bar/

pixel