Путин Украинадағы жағдайға араласуды көздейтіндерге ескерту жасады

Опубликовано:

Владимир Путин
Владимир Путин. Фото: kremlin.ru

Сәрсенбі күні Владимир Путин Заң шығарушылар кеңесінде сөз сөйлеп, Украинамен қақтығыс тақырыбына тағы тоқталды. Көрші елдің президенті "Ресейге стратегиялық қауіп төндіреміз" деп шешкендерге жауап ретінде қарымта шаралар болатынын айтып, сес көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Тағы еске салайын, егер біреу болып жатқан оқиғаларға сырттан араласып, Ресей үшін қолайсыз стратегиялық қауіп төндіретін болса, олар біздің қарымта соққыларымыздың найзағайдай жылдам болатынын білуі керек.

Біздің оны іске асыруға құралымыз жеткілікті. Ол- мұндай құралымыз бар деп ешкім мақтана алмайтындай нәрсе. Ал біз мақтанбаймыз. Қажет болса, қолданамыз. Және бұл туралы барлығы білгенін қалаймын", - деді Путин.

Бұл ретте ол "арнайы операцияның (Украинадағы – ред.) тапсырмалары міндетті түрде орындалатынын" тағы да мәлімдеді.

Сондай-ақ ол Ресей экономикасы "санкциялық ереуілге төтеп берді", бірақ соған қарамастан, "дағдарысқа қарсы шараларды дамытуды жалғастыру керек" деген пікірде.

Бұған дейін әлеуметтік-экономикалық мәселелерге арналған жиында Путин батыс елдерінің Ресейге қарсы саясаты сәтсіздікке ұшырап, Ресей экономикасы тұрақтанғанын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1967168-putin-ukrainadagy-zagdaiga-aralasudy-kozdeitinderge-eskertu-zasady/

jitsu gif