Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украинаның алғашқы президенті қайтыс болды

Опубликовано:

Леонид Кравчук
Леонид Кравчук. Фото: NurPhoto / Contributor / Getty Images

10 мамыр күні 89 жасында Украинаның тұңғыш президенті, белгілі саясаткер, Жоғарғы раданың депутаты Леонид Кравчук көз жұмды.

"Украинские новости" басылымының мәліметінше, бұрынғы президенттің көз жұмғаны туралы ақпаратты Леонид Кравчуктың жақындары таратқан.

Саясаткердің өліміне ұзаққа созылған сырқаты себеп болған. Ол кеше, 10 мамырда Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де өмірден өтті.

Айта кетейік, Леонид Кравчук - Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Украинаның тұңғыш президенті болды.

Ол 1991 жылдың 5 желтоқсанынан 1994 жылдың 19 шілдесіне дейін аталған лауазымды атқарды.

1994 жылғы кезектен тыс президенттік сайлауда ол екінші турда Леонид Кучмадан жеңіліп қалды.

Президенттік мансабы аяқталғаннан кейін Кравчук 12 жыл Жоғарғы раданың халық депутаты болып қызмет еткен.

2015 жылдан бастап "НАТО-дағы Украина үшін қозғалыс" ұйымын басқарады. 2020 жылдың 28 шілдесі мен биыл 21 ақпан аралығында ол Донбасстағы жағдайды реттеу жөніндегі байланыс тобының жетекшісі қызметін атқарды.

Ал өткен жылдың маусым айында Кравчукке ота жасалып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылғаны хабарланған болатын. Қыркүйек айында Украинаның экс-президенті оңалту үшін Германияға жіберілген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1968688-ukrainanyn-algasqy-prezidenti-qaitys-boldy/

pixel