Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ елшілігі Киевтегі жұмысын қайта бастады

Опубликовано:

АҚШ елшілігі
АҚШ-тың Украинадағы елшілігі. Фото: Twitter/Энтони Блинкен

АҚШ елшілігі Украина астанасындағы жұмысын қайта бастады. Бұл туралы дипломатиялық өкілдік өзінің Twitter парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Украинаның мығым қорғанысы мен халқының батылдығының арқасында біз қайта оралдық", - делінген хабарламада.

"Киевтегі елшіліктің үстінде қайтадан жұлдыздар мен жолақтар желбіреді. Украина астанасындағы елшілік жұмысын ресми түрде қалпына келтіргенімізді хабарлаймын.

Біз Украина үкіметі мен халқын мақтанышпен қолдаймыз", - деп жазды АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Twitter парақшасында.

Осы орайда АҚШ сенатының халықаралық қатынастар комитеті Бриджит Бринктің Украинадағы елші кандидатурасын ресми түрде мақұлдады.

"АҚШ сенатының халықаралық қатынастар комитеті Бриджит Бринкті Украинадағы елші ретінде ресми түрде мақұлдады. Бұл АҚШ-тың Украинаға қолдауы артып келе жатқаны жөнінде қуатты сигнал береді...", - делінген твиттердегі жазбада.

Айта кетейік, Украинада 2019 жылдан бері АҚШ елшісі болған жоқ. Бұған дейін Украинадағы АҚШ елшісі болған Мари Йовановичті сол кездегі президент Дональд Трамп жұмыстан шығарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1969996-aqs-elsiligi-kievtegi-zumysyn-qaita-bastady/

pixel