Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемде жаңа індет таралуда: ДДСҰ шұғыл жиын өткізді

Опубликовано:

Індет
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазір әлемде маймылдан адамға шешек жұғып жатыр. Дәл осы ауру АҚШ, Австралия, Перу, Ұлыбритания мен Еуропа елдерінде таралып жатыр. Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шұғыл түрде жиын өткізді деп, хабарлайды Хабар24.

Маймыл шешек Еуропада 7 мамырда анықталған. Оны Англияға Нигериядан оралған азамат әкелген. Португалия билігі 14 тұрғынның нақты жұқтырғанын мәлімдеген. Тағы 20 адамның арнайы тексерістен өтіп жатқанын хабарлаған.

"Бұл ауру Португалияда бұрын мүлде тіркелген емес. Жұқтырғандардың ешқайсысы әзірге ауруханаға жатқызылған жоқ. Науқастардың жасы 20 мен 40-тың арасы. Вирус жыныстық қарым-қатынас арқылы жұғуы мүмкін деген күдік бар", - дейді маймыл безгегіне қарсы күрес тобының өкілі Маргарида Таварес.

Лондон гигиена мектебінің профессоры Джимми Уитворттың айтуынша, қазір Еуропада таралып жатқан штамның ошағы Батыс және Орталық Африка.

"Жұқтырғандардың 1 проценті өлім құшады. Бұл індет қазіргідей қарқынмен ешқашан таралған емес. Тезірек бақылауға алмаса, ауру ушығып кетуі мүмкін", - дейді Джимми Уитворт.

Ал Канаданың Монреаль қаласында ауруды жұқтырды деген күдікпен 17 науқас анықталған. Кейін ол жақтан вирус АҚШ-тың Массачусетс штатына таралған.

Перуде ешқандай науқас анықталмаса да, санитарлық дабыл жарияланған. Әуежайларда барлық жолаушылар қатаң тексерістен өтуде.

ДДСҰ сарапшысы Мария Ван Керкховетің сөзінше, қазір ұйым бұл аурудың таралуына байланысты жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Ең алдымен аталған вирусты жұқтырғандардың оқшауланғанын тексереміз. Екінші кезекте, тестілеу және емдеу барысын бақылауда ұстаймыз", - дейді ол.

Телеарнаның мәліметінше, маймыл шешек негізінен маймылдардан, кей жағдайда ұсақ сүтқоректі жануарлардан таралуы мүмкін. Одан бөлек бұл аурудың таратушы көзі - адам да болуы ықтимал.

Белгілері: адамның дене қызуы көтеріліп, әуелі бас пен бұлшықет ауырады. Үшінші-төртінші күні бет, қол, сосын бүкіл дене бөртіп кетеді.

Маймыл шешекке қарсы әлі вакцина жоқ. Сондықтан Британия билігі медицина қызметкерлеріне кәдімгі шешекке қарсы вакцина салдыруды ұсынбақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1970355-alemde-zana-indet-taraluda-ddsu-sugyl-ziyn-otkizdi/

pixel