Қырғызстан мен Өзбекстан арасын байланыстыратын жасырын жерасты жолы табылды

Опубликовано:

Жерасты жол
Фото: Facebook/ Қырғызстан МҰҚК

Қырғызстан мен Өзбекстан арасын байланыстыратын ұзындығы 270 метрді құрайтын жасырын жерасты жолы табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қырғызстан МҰҚК ресми Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметіне сүйенсек, екі елді байланыстыратын жасырын жерасты жолы 20 мамыр күні Ош облысы Қара-Сүй ауданы Тельман ауылынан табылған.

"Жерасты жолдың тереңдігі 15 метр, оған кіру 1,8 метр, ені 1,5 метр, кіреберістен шекара сызығына дейін 40 метр, кіреберістен шығысқа дейін 270 метр екені анықталды.

Жоғарыда аталған жол анықталған "М.А.М." учаскесінің иесіне қатысты айтсақ: оның қазіргі уақытта Жалал-Абад облысының Қызыл-Жар психиатриялық ауруханасында болуына байланысты ақыл-есі кем екенін қайта тексеру жоспарлануда", - делінген Қырғызстан МҰҚК хабарламасында.

Қазіргі уақытта қылмыс құралдары мен заттары алынып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1970880-qyrgyzstan-men-ozbekstan-arasyn-bailanystyratyn-zasyryn-zerasty-zoly-tabyldy/

jitsu gif