Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Непалда бортында 22 адамы бар ұшақ апатқа ұшырады

Опубликовано:

Непалда ұшақ апатқа ұшырады
Ұшақтың апатқа ұшыраған орны. Фото: twitter.com/journonepali

Непалдың Tara Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшыраған орын анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ANI басылымына сілтеме жасап.

"Непалдың құрлық күштеріне жергілікті тұрғындар берген ақпаратқа сәйкес, Tara Air әуе компаниясының ұшағы Ламче өзенінің сағасында апатқа ұшыраған", - деді Непал құрлық күштерінің өкілі Нараян Силвал.

Оның айтуынша, ел әскері ұшақ құлаған жерге құрлық және әуе арқылы бет алған. Алайда Мустанг аймағында қар жауғандықтан іздеу-құтқару жұмыстары тоқтатылды.

Еске сала кетейік, 29 мамырда таңертең Tara Air непалдық әуе компаниясының ұшағы радардан жоғалып кеткенін жазған едік. Ұшақ бортында 19 жолаушы мен үш экипаж мүшесі болған.

Оның 13-і непалдық, төртеуі Үндістан азаматы және екеуі Германия азаматы, тағы үшеуі экипаж мүшесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1971554-nepalda-bortynda-22-adamy-bar-usaq-apatqa-usyrady/

pixel