jitsu gif

Үндістанда Абайға бюст қойылды (фото)

Үндістан
Фото: Сауда және интеграция министрлігі

Бүгін, 2 маусымда Үндістанның Нью-Дели қаласындағы Сан Мартин Парк скверінде қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлы бюстінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Сауда және интеграция министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара премьер-министрдің орынбасары-сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың, Үндістанның сыртқы істер және мәдениет мемлекеттік министрі Минакши Лекхидің, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдерінің қатысуымен өтті.

"Абай - ұлы ақын ғана емес, кемеңгер ойшыл, әйгілі ағартушы. Ол жұртты ғылым игеруге, білімдар болуға үндеді. Жаңашылдық пен жасампаздықты дәріптеді. Абай мұрасы – біздің елімізге ғана емес, барша адамзатқа ортақ құндылық", - деді Бақыт Сұлтанов.

Абайдың бюсті ашылды
Фото: Сауда және интеграция министрлігі

Ол Махатма Гандидің туған жеріне қазақ ағартушысының бюстін орнату терең символдық мәнге ие екенін атап өтті.

"Абай мен Ганди идеялары бір-бірімен тығыз байланысты. Мәселен Абайдың "тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық" - деген сөзі бар. Бұл қасиеттерді Махатма Ганди де бағалаған. Ол "сіздің сеніміңіз сіздің ойыңызға айналады, ойыңыз сөзіңізге айналады, сөзіңіз әрекіңізге, ал әрекетіңіз әдетке, әдет сіздің құндылығыңызға, құндылықтарыңыз сіздің тағдырыңызға айналады" , – деген Бақыт Сұлтанов Абай бюстінің орнатылуы екі ел арасындағы рухани ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсетінін атап өтті.

Сондай-ақ тараптар білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамытуды жалғастырады.

Үндістанда Абайға бюст қойылды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.