Самарқанда қазақстандық туристерді ұстаған полицейлер жұмыстан шығарылды
Жарияланған күні:
Өзбекстанның Ішкі істер органдары Самарқанда қазақстандық туристерді ұстау кезінде электрошокер пайдаланған екі қызметкерін жұмыстан шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Газета.uz" басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, Самарқанда Қазақстаннан келген туристерді ұстау кезінде күш қолданып, электрошокер пайдаланған екі тәртіп сақшысы жұмыстан қуылған.
Оларға қатысты прокуратура билігін асыра пайдаланды деген баппен қылмыстық іс қозғаған.
Еске сала кетейік, оқиға 21 мамыр күні Өзбекстанда түнгі уақытта болған еді. Самарқанның патруль қызметкерлері туристер тобын ұстаған, олардың қатарында қазақстандықтар да болған.
Ұстау кезінде тәртіп сақшылары электрошокер қолданып, құжаттарының болғанына қарамастан қазақстандықтарды учаскеге күштеп апарған.
Кейінірек, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін өзбекстандық әріптестеріне хат жолдаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1972523-samarqanda-qazaqstandyq-turisterdi-ustagan-policeiler-zumystan-sygaryldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.