Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тұрмысқа шыққан соң немесе туысымен ғана": Қырғыз депутаты жас қыздарды шетелге жалғыз жібермеуді ұсынды

Опубликовано:

Әуежай
Көрнекі фото: pixabay.com

Қырғызстандық депутат Шайлообек Атазов 18-20 жастағы қыздарға шетелге тек тұрмысқа шыққан соң немесе ата-анасымен баруға рұқсат беруді ұсынды, деп хабарлайды 24.kg.

Депутат мұны көші-қон аясындағы мәселелермен байланыстырды.

"Көші-қон мәселесі өзекті болып тұр. 18-20 жастағы қыздар шетелдерге ата-анасымен немесе тұрмыс құрған соң барса деген ұсыныс бар. Көші-қонға жауап беретін ведомство ақпаратты комитетке ұсынсын", - деді Шайлообек Атазов.

Алайда депутат қандай ақпарат алғысы келетінін нақтыламады.

Айта кетейік, Қырғызстан парламентінде мұндай ұсыныс бірінші рет жасалып отырған жоқ. 2013 жылы депутат Ырғал Қадыралиева 23 жасқа дейінгі қыздардың шетелдерге шығу құқығын шектеуді ұсынған еді.

Ол қыздарға нәпақа табу үшін Қырғызстаннан тыс аумаққа ата-анасының рұқсатынсыз шығуға тыйым салу қажет екенін айтқан болатын.

Осыған ұқсас ұсынысты бұрынғы депутат Тұрсынбай Бакир уулу да жасаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1973390-turmysqa-syqqan-son-nemese-tuysymen-gana-qyrgyz-deputaty-zas-qyzdardy-setelge-zalgyz-zibermeudi-usyndy/

pixel