Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Демалуға таптырмас жер: Дубайдың іскерлік орталығынан қонақ үй таңдауда нені ескеру қажет

Опубликовано:

қонақ үй
Фото: Дубай экономика және туризм департаменті

Демалыстың естен кетпестей өтуі туристің тоқтаған қонақ үйіне байланысты. Осы ретте KAZ.NUR.KZ тілшісі қазақстандықтар арасында танымал туристік бағыт Дубай орталығындағы сенімді әрі туристер арасында жоғары рейтингке ие қонақ үйлер туралы айтып бермек.

Дубай экономика және туризм департаментінің мәліметінше, шаһарда қонақ үй саны пандемия басталғанға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 8 пайызға өскен, ал нөмірлер саны 2021 жылдың осы кезеңіне қарағанда 10 пайызға артқан. Көркіне көз сүйсінер қаланың меймандары үшін қонақ үй таңдау қиынға соғуы мүмкін, себебі мұнда соңғы мәліметке сәйкес, 769 қонақ үй, 140 мыңнан астам нөмір қызмет көрсетуде.

Әдетте Дубайға қыдырып барушылар - демалысын жоғары деңгейде, асқан талғампаздықпен өткізгісі келетін жандар. Осы тұста оларға Дубайдың іскерлік орталығы Business Bay ауданында орналасқан қаладағы ең сәнді, мінсіз қызметімен ерекшеленетін қонақ үйлерді ескере жүргені жөн.

Қонақ үй бөлмесі
Фото: Дубай экономика және туризм департаменті

Мәселен бес жұлдызды Paramount Midtown қонақ үйі қаладағы қыз-қыз қайнаған тіршіліктің ортасында жүруді жақсы көретін жастарға таптырмас нұсқа. Қонақ үй Шейх Заид даңғылына, атақты Бурж-Халифа және Дубай молл сауда орталығына, әуежайға жақын.

Қонақ үй интерьері адамға өткен ғасырдың орта тұсындағы Голливудқа тап болғандай әсер береді. Paramount Midtown-да сіз өзіңізді нағыз Голливуд жұлдызындай сезіне аласыз. Мұндағы әр деталь кино әлемінен хабар береді, мысалы қонақ үй бөлмелері Scene, A-List, Blockbuster, Premierе, Co-Star деп аталғандықтан, мейманды 60 жылдардағы Голливуд дәуіріне еріксіз елітеді. Вестибюль ретро стиліндегі өнер туындыларымен әшекейленген, едені мәрмәрдан, ал қабырғалары алтынмен апталып жасалған.

Лобби
Фото: Дубай экономика және туризм департаменті

Отелдегі 281 нөмір мен сьюттің әрқайсысы өзінше әдемі, олар бір-бірінен көлемі мен стилі жағынан ерекшеленеді. Әр нөмір жанға жайлылықты қамтамасыз ететін кондиционермен, кең ванна бөлмесімен жабдықталған. Одан бөлек ол жерден жеке мини-бар, шай-кофе демдеуге қажеттінің бәрін, эспрессо-машина, шаш кептіргіш, сүлгі, халат, сейф, телефон, Wi-Fi және жуынуға арналған хош иісті сабындар мен сусабындардың түр-түрін таба аласыз.

Paramount Midtown
Фото: Дубай экономика және туризм департаменті

Қонақ үйде бес мейрамхана бар. Таңертең CineScope ресторанында қонақтарды швед үстелі стиліндегі таңғы ас күтіп тұрады.

Cinescope
Фото: Дубай экономика және туризм департаменті

Қонақ үй аумағында әлемнің түрлі халықтарының асханасы қамтылған. Ондағы панорамалық көрінісімен ерекшеленетін Paparazzi, қаладағы ең сәнді Melrose Bar & Lounge лаунжы, қонақ үйде ғана емес бүкіл Дубайда ерекше танымал, элита және бизнес өкілдері келіп қонақ болатын орын.

Paramount Midtown өзінің 64 қабатында орналасқан хауызымен ерекше.

хауыз
Фото: Дубай экономика және туризм департаменті

Бұл - Дубай бойынша ең биікте орналасқан хауыздардың бірі. Сондай-ақ қонақүйде Pause Spa Chateau Berger спа-орталығы, фитнес орталығы жұмыс істейді. Одан бөлек бизнес өкілдеріне корпоративтік кездесулер өткізуге арналған 150 адамдық бизнес-студия қызмет көрсетеді.

Дәл осы Business Bay ауданында бүкіл Таяу шығыс аймағы бойынша алғаш болып ашылған Голливуд стиліндегі қонақ үй - Paramount Hotel Dubai орналасқан.

қонақ үйдің сыртқы көрінісі
Фото: Дубай экономика және туризм департаменті

Бес жұлдызды отель The Dubai Mall сауда орталығынан 2 шақырым арқашықтықта, Бурж-Халифа мұнарасынан 2,9 шақырым, Дубай су арнасына жақын жерде бой көтерген.

Қонақ үйде барлығы 823 нөмір бар, олар Scene and Stage Rooms, Premiere Suites және Paramount Suites деп ажыратылады. Бөлмелердің дизайны Paramount Pictures танымал киноларының желісінен шабыт алып жасалынған.

Парамаунт Дубай
Фото: Дубай экономика және туризм департаменті

"King-size" көлемді кең кереуеттер, аппақ мәрмәрмен қапталып жасалған жуынатын бөлме, тропикалық душ, қонақ бөлмесі және бір қабырғаны толық алып жатқан кең терезеден ашылатын Бурж-Халифа көрінісі ешкімді де, тіпті ең ерке қонақтың өзін бейжай қалдырмайтынын анық. Бір саптыаяқ ыстық кофе дайындап алып, панорамалық терезеден арайлап атқан таң шапағы мен қызара батқан күн көрінісін тамашалау ерекше күйге бөлейді.

Бір сөзбен айтқанда, бұл қонақ үй байлық пен жоғары талғамды біріктіріп отыр.

Парамаунт Дубай
Фото: Дубай экономика және туризм департаменті

Paramount Hotel Dubai қонақ үйінің ас мәзіріне бөлек тоқталған жөн. Мұнда келген әр адам өз талғамына сай тағамды таба алатынына күмән жоқ. Отельге келіп тоқтаушылар Flashback speakeasy барында көңіл көтеріп, калифорниялық стильдегі Pacific Groove мейрамханасында грильде қақталған теңіз деликатесін, стейктер мен тіл үйірер салаттар мен суши-бардан дәм тата алады.

Ал The Stage мейрамханасы қонақтарға "швед үстелі" форматында таңғы ұсынады.

Парамаунт Дубай
Фото: Дубай экономика және туризм департаменті

Сондай-ақ, әр бейсенбі сайын Flashback speakeasy bar-да Murder Mystery кеші ұйымдастырылады, бұл Дубайға саяхаттап келген әр жанға естен кетпес әсер беретіні сөзсіз. Барда Дубайдың үздік музыканттары жанды дауысты өнер көрсетеді. Бұл жер көңіл көтеретін құпия орын саналады.

қонақ үй әртістері
Фото: Дубай экономика және туризм департаменті

Қонақ үй аумағында Paramount Screening Room жеке кинозалы, курорттық стильдегі ашық бассейн, Pause Spa Chateau Berger спа-орталығы, фитнес орталығы, сауна және балалар ойын бөлмесі қызмет көрсетеді. Отельде демалушылар үшін тегін Wi-Fi ұсынылады.

кинозал
Фото: Дубай экономика және туризм департаменті

Ұзын сөздің қысқасы, Paramount Hotel Dubai қонақ үйінің қызметшілері қонақтарға естен кетпес әсер сыйлау үшін бар жайлылықты ойластырып қойған.

Ең бастысы қазақстандықтар үшін аталған екі қонақ үйде де тіл жағынан қиындық тумайды. Мұнда қазақ және орыс тілінде сөйлейтін қонақ үй қызметшілері бар. Олар сіздің кез келген еркелігіңізді көтеруге дайын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1973766-demaluga-taptyrmas-zer-dubaidyn-iskerlik-ortalygynan-qonaq-ui-tandauda-neni-eskeru-qazet/

pixel