Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грузияда маймыл шешегін жұқтырған алғашқы адам тіркелді

Опубликовано:

Медицина маманы
Көрнекі фото: pixabay.com

Грузиялық дәрігерлер елде маймыл шешек вирусын жұқтырған алғашқы адам тіркелгенін хабарлады. Бұл зертханалық зерттеулердің қорытындысынан кейін белгілі болған. Қазір медицина қызметкерлері тиісті шаралар қабылдауда, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

"Зертханалық зерттеулердің қорытындысынан кейін бір адамның маймыл шешегін жұқтырғаны расталды. Науқаста вирустық аурудың жеңіл түрі болды және ол тиісті емдеу курсынан өткеннен кейін көп ұзамай медициналық мекемеден шығарылды", - делінген Ауруларды және қоғамдық денсаулықты бақылау ұлттық орталығының хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, науқас бұған дейін Еуропада саяхаттап келген.

Сонымен қатар дәрігерлер вирус жұқтырған адаммен байланыста болға тұлғаларды тексерістен өткізіп жатқанын, бірақ әзірге ешкімде аурудың клиникалық белгілері анықталмағанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1974298-gruziyada-maimyl-sesegin-zuqtyrgan-algasqy-adam-tirkeldi/

pixel