Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбек-қырғыз шекарасында жасырын жерасты жолын қазғандар сот алдына келді

Опубликовано:

тоннель
Көрнекі фото: pixabay.com

Өзбек-қырғыз шекарасында жасырын жерасты жолын қазғандарға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Хабар 24.

Телеарнаның мәліметінше, 8 адамнан құрылған қылмыстық топ жылдар бойы контрабандамен айналысқан.

Екеуі Өзбекстан, алтауы Қырғызстан азаматы. Олар жерасты жолымен 1 млн 641 мың доллар қаржыны заңсыз алып өтпек болғанда қолға түскен.

Тексеру кезінде Әндіжандағы тағы бір үйден ұзындығы 420 метрлік тоннель анықталған. Онда жүк таситын электр арба болған.

Кінәлілерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, жақында оларға сот үкімі шыққан. Сот шешіміне сәйкес, топ мүшелерінің 8 жылға дейін бас бостандығы шектелген.

"Топ мүшелері құқық қорғау органдарының назарына ілікпес үшін байланыс құралдарын қолданған. Ірі көлемдегі валютаны еліміздің аумағына әкеліп, одан кейін жер асты тоннелі арқылы Қырғызстанға алып кетіп жүрген. Тергеу амалдары кезінде олардың әрекеттері айғақ заттармен дәлелденді", - дейді Өзбекстанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің өкілі Мақлиё Валиқулова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1974771-ozbek-qyrgyz-sekarasynda-zerasty-zoly-tabyldy/

pixel