jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Өзбекстанның жаңа Конституциясында Қарақалпақстан мәртебесін өзгерту ұсынылып отыр

Өзбекстан туы
Фото: Maksim Konstantinov/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Өзбекстан Конституциясының жаңа жобасында қазіргі уақытта егемен және референдум негізінде Өзбекстан құрамынан бөлініп шығу құқығы бар Қарақалпақстанның мәртебесін өзгерту ұсынылып отыр, деп хабарлайды "Газета.uz".

Басылымның мәліметінше, Өзбекстан Конституциясына түзетулер жобасын Конституциялық комиссия дайындады және парламенттің төменгі палатасы мақұлдады.

Өзбекстанның Жоғарғы кеңесі 1992 жылы 8 желтоқсанда қабылдаған Конституцияға сәйкес, Қарақалпақстан – референдум негізінде Өзбекстаннан шығуға құқығы бар егемен республика. Жаңа түзетулер Қарақалпақстанды бұл мүмкіндіктен айырады.

Басылымның жазуынша, конституциялық комиссия сарапшылары ұсынылған түзетулер қарақалпақ және өзбек халықтарының бірлігін нығайтуға, сондай-ақ- "Бір ел – ортақ тағдыр" идеясын бекітуге бағытталған деп санайды.

Айта кетейік, бұған дейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Өзбекстан Конституциясына түзетулерді референдум арқылы қабылдауды ұсынған болатын.

Өзбекстанның жаңа Конституциясында Қарақалпақстан мәртебесін өзгерту ұсынылып отыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.