jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Ыстықкөлдегі демалыс орындарының бірінде жаппай төбелес болды

Ыстықкөл
Көрнекі фото: samarkandtours.com

Ыстықкөлде Сары-Ой ауылында орналасқан "Радуга" демалыс орнында жаппай төбелес болды. Видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі vesti.kg басылымына сілтеме жасап.

Жазба авторының сөзінше, бір топ жергілікті тұрғын демалыс орнының жағалауына кіріп, күзетшілерге шабуыл жасаған. Олар демалушыларға қарсы өзін өте агрессивті ұстаған.

"Төбелесіп жатқан жергілікті тұрғындардың екеуі жақын жердегі бөтелкелерді алып сындырып, сынықтарымен күзетшілерге шабуыл жасады. Өте қорқынышты болып кетті. Оларды күзетшілер де тоқтата алмады. Сосын қалған жергілікті тұрғындар темір таяқтарды алып, балалар самокатын сындыра бастады", - деді төбелестің куәгері.

Аталған жайтты Ыстықкөл Ішкі істер басқармасы растады. Олардың мәліметіне сүйенсек, арыз шамамен сағат 12:50-де түскен, аудандық милиция қызметкерлері оқиға орнына бірден аттанған.

Жедел-тергеу тобы аталған істің мән-жайын анықтау үшін әлі де демалыс орнында жүр. Қазір төбелеске қатысқан тұлғаларды анықтау жұмыстары жүргізілуде. Барлығы милиция бөлімшесіне жеткізілді.

Ыстықкөлдегі демалыс орындарының бірінде жаппай төбелес болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.